22.09.2021 ж колледждің әдістемелік кабинетімен оқытушылар үшін “Білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың балдық –рейтингтік әріптік жүйесі” тақырыбында нұсқаулық семинар өткізілді. Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінде білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың балдық-рейтингтік әріптік жүйесі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің бұйрығына және 2020-2021 оқу жылынан бастап техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру оқу орындарында оқу процесін ұйымдастыру жөніндегі әдістемелік нұсқаулықтағы ұсынымдарға сәйкес енгізіледі.

Семинарда колледж әдіскері Г.О. Балшикбаева сөз сөйледі, ол техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінде білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың балдық-рейтингтік әріптік жүйесін қолдану бойынша әдістемелік ұсынымдарға толық түсіндірме берді, сондай-ақ I және II курстарда оқитын білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау жүйесін түсіндірді.

Семинардың практикалық бөлігінде оқытушылар «Көрсетілген пән бойынша оқыту нәтижелерінің рейтингін есептеу» тапсырмасын орындады. Семинарға қатысушылар барлық қызықтырған сұрақтарына жауап алды. Жас мұғалімдерге күнделікті практиканы қолдану кезінде теорияны іс жүзінде жүзеге асыру бойынша әдістемелік нұсқаулар берілді.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Menu