2025 жылғы 26 ақпанда Ұлытау облысы, Жезқазған қаласында «Жұмысшы мамандықтар паркі» фестивалінің салтанатты ашылуы өтті. Іс-шара «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында ұйымдастырылып, оған облыс әкімі, қала әкімшілігінің өкілдері, облыстық және қалалық мәслихат депутаттары, сондай-ақ ірі өнеркәсіптік кәсіпорындардың, білім беру мекемелерінің өкілдері мен кәсіби біліктіліктерін дамытуды мақсат еткен студенттер қатысты.
«Қазақмыс» корпорациясының Технологиялық колледжі, «Кеншілер» көшесінде орналасқан, фестиваль аясында келесі мамандықтар бойынша даярлық бағыттарын таныстырды: маркшейдерлік жұмыстардағы тау-кен жұмысшысы, жер асты тау-кен жұмысшысы, геологиялық жұмыстардағы жұмысшысы.
Колледж директоры Букашкина Елена Викторовна іс-шара қонақтарына негізгі әлеуметтік серіктестерді таныстырды. Олардың қатарында:
- «Kazakhmys Maintenance Services» ЖШС (Казахмыс Мэйнтенанс Сервисиз) – Жанат Арман Жанатұлы
- «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС К.И. Сәтбаев атындағы «Жезқазғантүстімет» тау-кен байыту кешені – Искаков Ербол Еркенұлы
- «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС К.И. Сәтбаев атындағы «Жезқазғантүстімет» тау-кен байыту кешені, Оңтүстік Жезқазған руднигі №65 шахтасы – Алпысбаев Казбек Жұмабекұлы