Жұмыс берушілер күні

2022 жылдың 15 қарашасында «Қазақмыс»  корпорациясының Технологиялық колледжі ЖММ ҚР оқу-ағарту министрлігінің бастамасымен Қазақстанның барлық техникалық және кәсіптік орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында «Жұмыс берушілер күні» аталып өтті.

Аталған іс-шара жұмыс берушілермен кадрларды даярлау сапасын арттыру бойынша тиімді ынтымақтастыққа бағытталған. «Қазақмыс» корпорациясы ЖШС сонау 2008 ж. колледж құрылғаннан бастап оның құрылтайшысы болып табылады. Колледжді құру – бұл 14 жыл бойы жүзеге асырылып келе жатқан компанияны жоғары білікті персоналмен қамтамасыз етуге бағытталған адами капиталға лайықты инвестиция.

Салтанатты іс-шараға жұмыс берушілер өкілдері қатарынан қатысты: «Қазақмыс» корпорациясы ЖШС оқыту және дамыту бөлімінің бастығы – Курманов Р. Н., «Жезқазғантүстімет» ӨБ бас кеншісі – Ерназаров Б.Б., «Жезқазған кен орнының тау-кен жұмыстарының әсер ету аймағына жер үсті объектілері мен инженерлік коммуникацияларды көшіру» жобалық тобының бас маманы – Бекмаганбетов Б.Б., «Жезқазғантүстімет» ӨБ геологиялық бөлімінің бас маманы – Шалабаев М.Ш., «Жезқазғантүстімет» ӨБ оқыту және кадр резервін дамыту бөлімінің бастығы –  Мухамбедина А.К., «Жезқазғантүстімет» ӨБ маркшейдерлік бөлімінің бас маманы – Альменбаева Ж.Ш. Қонақтарды қарсы алу және оларды таныстыру колледж директоры Е. В. Букашкинамен жүзеге асырылды.

Жұмыс берушілер күні бағдарламасы аясында колледж зертханасының оқу-материалдық базасына, слесарлық-механикалық шеберханасына, виртуалды тренажерлерге, оқу кабинеттерін шолу бойынша экскурсия өткізілді.

Ресми іс – шараны өткізу барысында жұмыс берушілер өкілдері мен колледждің оқытушылар құрамы арасында «бизнес субъектілері мен колледждің кәсіби бірлестігі – еңбек нарығында көзделген құзыретті мамандарды даярлауда қажетті шарт ретінде» атты диалог алаңы өтті. Қатысушылар іргелі мәселелер шеңберін талқылады: колледжді «Қазақмыс» корпорациясы ЖШС-мен бірлестіру, академиялық дербестік, дуальды оқытуды іске асыру, «Worldskills» стандарттары бойынша демо емтихан өткізу.

Білім беру процесінің объектісіне – колледждің бітіру курсының білім алушыларына, «Қазақмыс» корпорациясы ЖШС құрылымдық бөлімшелерінің болашақ мамандарына ерекше назар аударылды. «Мансапқа алғашқы қадамдар» атты сенімді әңгіме түрінде диалогтық көпір өткізілді. Білім алушылар жұмысқа орналасу кезінде өңірлердің кеңейтілген ауқымы туралы, еңбек қызметіне бейімделу кезеңіндегі қиындықтарға тап болуы мүмкін жағдайлар туралы, корпорация қызметкерлерін әлеуметтік қолдау туралы қызығушылық танытты. Жұмыс берушілердің өкілдері білім алушылардың танытқан қызығушылықтарына түсініктеме беріп, бітіру курстарының білім алушылары қойған барлық сұрақтарына толық жауаптар берді. Диалог көпірінің соңында қатысушыларға колледж түлектерінің кәсіби өсу динамикасы ұсынылды.

Қорытынды бөлімде іс-шараға қатысушылар академиялық дербестікті тиімді іске асыру бойынша кезекті бірлескен өзара іс-қимыл жүргізу жөнінде пікір алмасты, бітіру курсының білім алушыларына жылы лебіздер айтылды.

Алғыс ретінде колледж директоры Е. В. Букашкинамен құрмет грамоталары марапатталды: ҚР Оқу-ағарту министрі А. Қ. Аймағамбетовтің атынан «Қазақмыс» корпорациясы ЖШС-нің Технологиялық колледжбен білікті кадрларды қалыптастырудағы табысты ынтымақтастығы үшін – «Жезқазғантүстімет» ӨБ бас директоры – Баймуханов Б.А.,  «Қазақмыс» корпорациясы ЖШС оқыту және дамыту бөлімінің бастығы – Курманов Р.Н.; Ұлытау облысы әкімінің орынбасары Ғ.Құрманғазының атынан білікті мамандарды даярлау процесінде жасампаз еңбегі үшін -«Жезқазғантүстімет» ӨБ бас маркшейдеріне –  Баймағанбетова Л.Д.; Ұлытау облысының білім басқармасының басшысы С. С. Тулекованың атынан облысты дамыту жолындағы ынтымақтастығы үшін  – «Жезқазған кен орнының тау-кен жұмыстарының әсер ету аймағына жер үсті объектілері мен инженерлік коммуникацияларды көшіру» жобалық тобының бас маманы Бекмаганбетов Б.Б., «Жезқазғантүстімет» ӨБ геологиялық бөлімінің бас маманы – Шалабаев М.Ш.

 

Директордың ҒӘЖ және ҚО жқніндегі орынбасары: Усенова А.Ж.

Previous Post
АҚПАРАТТЫҚ САУАТТЫЛЫҚ АПТАЛЫҒЫН ӨТКІЗУ ТУРАЛЫ АҚПАРАТТЫҚ ЕСЕП (22.10.2022ж.-28.10.2022ж. аралығы)
Next Post
(Русский) ИНФОРМАЦИОННЫЙ ОТЧЁТ О ПРОВЕДЕНИИ НЕДЕЛИ ФИНАНСОВОЙ ГРАМОТНОСТИ (период 28.11.2022г.-02.11.2022г.)

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Menu