20-22 қазан 2022ж. аралығында «Қазақмыс» корпорациясының Технологиялық колледжі» ЖММ кітапханасында егемен Қазақстанның қалыптасуы мен жетістігіне арналған тақырыптық кітап көрмесі өтті (ҚР Білім және ғылым бірінші вице-министрі Ш. Т. Каринова бекіткен ТжКБ ұйымдарында Қазақстан Республикасының күнін мерекелеу жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес).
Көрменің негізгі идеясы – тәуелсіздік алғаннан кейін егемен Қазақстанның қалыптасу тарихымен таныстыру, сондай-ақ елдің қоғамдық-саяси, экономикалық, әлеуметтік және рухани өміріндегі оң өзгерістерді және патриотизмді, Қазақстан азаматтарының бірлігін насихаттау болып табылады.
25 қазан — біздің еліміз үшін маңызды күндердің бірі. 1990 жылдың дәл осы күні Қазақстанның Егемендігі туралы декларация қабылданды. Бұл ел тәуелсіздігіне алғашқы қадам болды. Онда алғаш рет – ҚР аумағының тұтастығы, қол сұғылмаушылығы және бөлінбейтіндігі, Қазақстан халықтарының мәдениеті мен олардың тілдерін дамыту, ұлттық бірегейлікті нығайту сияқты мемлекеттілік қағидаттар бекітілді. Бұл тарихи және өте маңызды шешім. Біздің еліміздің тәуелсіздігі осы күннен басталады. Сондықтан Республика күнін бекіту мемлекеттілік тұрғысынан маңызды қадам болып табылады.
Тақырыптық көрмеде мемлекет және құқық тарихы, Қазақстанның құқықтық және демократиялық мемлекет ретінде қалыптасуы туралы, сондай-ақ мемлекеттің қалыптасуының әртүрлі кезеңдеріне сәйкес келетін, ел егемендігі тарихының маңызды сәттері туралы баяндайтын және өткеніміздің жарқын жақтарын бейнелейтін әдебиеттер ұсынылды.
Көрме «Квиз» форматында викторинамен сүйемелденді. Іс-шара барысында білім алушыларға мемлекет тарихы, тәуелсіздік жағдайында елдің Даму стратегиясы туралы білімдерін көрсету ұсынылды. Іс-шараларды кітапхана меңгерушісі Елемесова К.А. өткізді.
В период с 20 по 22 октября 2022г. В библиотеке ЧУ «Технологический коллдеж корпорации «Казахмыс» функционировала книжная тематическая выставка, посвящённая становлению и достижением суверенного Казахстана (согласно плану мероприятий по празднованию Дня Республики Казахстан в организациях ТиППО, утверждённого первым вице-министром образования и науки РК Кариновой Ш.Т.)
Основная идея выставки- ознакомление с историей становления суверенного Казахстана после обретения Независимости, а также популяризация позитивных изменений в общественно-политической, экономической, социальной и духовной жизни страны и патриотизм, единство граждан Казахстана.
25 октября для нашей страны — одна из важнейших дат. Именно в этот день в 1990 году была принята декларация о суверенитете Казахстана. Это был первый шаг к независимости страны. В ней впервые были закреплены такие принципы государственности как – целостность, неделимость и неприкосновенность территорий, развитие культуры народов Казахстана и их языков, укрепление национальной самобытности. Это историческое и очень важное решение. Независимость нашей страны действительно начинается с этой даты. Поэтому утверждение Дня Республики – важный шаг с точки зрения государственности.
На тематической выставке будет представлена литература по истории государства и права, формированию Казахстана как правового и демократического государства, а также материалы, соответствующие разным периодам становления государства, рассказывающие о знаменательных моментах истории суверенитета страны и отражающие яркие стороны нашего прошлого.
Выставка сопровождалась проведением викторины в формате «Квиз». В ходе мероприятия учащимся было предложено продемонстрировать знание об истории государства, стратегии развития страны в условиях независимости. Мероприятия проведены зав.библиотекой Елемесовой К.А.