Әдістемелік семинар “Сыни ойлауды дамыту технологиясы”

 

2021 жылдың 13 қазанында колледжде “Сыни тұрғыдан ойлауды дамыту технологиясы”тақырыбында әдістемелік семинар өтті. Семинардың мақсаты студенттердің белсенді және тиімді жұмысын ұйымдастыру үшін колледж оқытушыларының сыни тұрғыдан ойлау технологиясының әдістері туралы білімдерін кеңейту болды. Семинардың теориялық бөлімінде әдіскер Г. О. Балшикбаева осы технологияның барлық фазаларын қарастырды: қызығушылықты ояту,  мағынаны тану, рефлексия.  Сабақты өткізу кезінде оқытушылар қолданатын технологияның негізгі әдістері, мысалы, миға шабуыл, INSERT әдісі, идеялар қоржыны және т.б. әдістер талқыланды. Семинардың практикалық бөлімінде қатысушылар топ бойынша жұмыстарын жалғастырды. Оқытушылар үшін сыни тұрғыдан ойлау технлогиясының  әдістерін қолдана отырып, практикалық тапсырмалар дайындалды. Семинардың практикалық бөлімінде оқытушылар белсенді қатысты, тақырып бойвнша SWOT талдауды толтырды, синквейн құрастырды, сызба – сурет салды және өз жобаларын қорғады. Студент мәртебесінде топтарда жұмыс істей отырып, олар ұсынылған оқыту әдістемесіне өз бағаларын берді. Мұндай семинарлар оқытушылардың кәсіби өсуіне және тәжірибе алмасуына ықпал етеді. Сын тұрғысынан ойлау технологиясын пайдалана отырып өткізілетін сабақтар диалогтік, интерактивтік режимді, проблемаларды шешуді бірлесіп іздестіруді, сондай-ақ педагог пен білім алушылар арасындағы “әріптестік” қатынастарды көздейді. Сабақта ынтымақтастықтың жайлы атмосферасы құрылады, бұл оқытуды қызықты және ұмытылмас етеді және білім алушыларды одан әрі танымдық белсенділікке ынталандырады.

Previous Post
Инструктивно-методический семинар «Балльно–рейтинговая буквенная система оценки учебных достижений обучающихся
Next Post
«Қазақмыс» кадрларының ұстасы

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Menu