09.04.25 ж. күні «Казақмыс» корпорациясының Технологиялық колледжінде «Жұмысшы мамандығы жылы» аясында колледж кітапханашысы Елемесова К.А. ГМ-11 тобының білім алушыларымен «Қаныш Сәтпаев – ғылыми мұра қалдырған ұлы тұлға» атты кітаптық патруль өткізді. Іс-шараның мақсаты — Қазақстанның көрнекті ғалымы, академик Қаныш Имантайұлы Сәтпаевтың өмірі мен ғылыми мұрасын тереңірек зерттеу, алынған ақпараттармен бөлісу және бірлескен талқылау барысында пікір алмасу.
Іс-шара білім алушылардың танымдық белсенділігін, зерттеу дағдыларын дамытуға, сондай-ақ ұлттық тұлғалардың ғылым мен Қазақстанның дамуына қосқан үлесіне құрмет көрсетуге бағытталған. Іс-шара барысында білім алушылар Қаныш Сәтпаевтың өмірі мен оның Қазақстан ғылымының дамуына қосқан үлесін зерттеуге белсенді қатысып, үлкен қызығушылық танытты.