«Қазақмыс» корпорациясының Технологиялық колледжі» ЖММ «Қазақмыс» корпорациясы ЖШС Басқармасының шешімімен құрылды (Басқарма отырысының 2008 жылғы 23 сәуірдегі №16 ХАТТАМАСЫ).

Заңды мекен-жайы: Сәтбаев қаласы, Абай Құнанбаев көшесі, ғимарат 1, 101300.

«Қазақмыс» корпорациясының Технологиялық колледжі» жеке мекемесінің құрылтайшысы «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС болып табылады (тіркеу туралы куәлік №38-1930-26-ЖШС  04.10.2007ж.)

«Қазақмыс» корпорациясының Технологиялық колледжі» ЖММ қызметінің негізгі түрі колледж жарғысы негізінде техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің оқу бағдарламаларын іске асыру болып табылады.

«Қазақмыс» корпорациясының Технологиялық колледжі» жеке мекемесі заңды тұлғаны тіркеуді Қарағанды облысы Әділет Департаментінің Сәтбаев қаласының Әділет басқармасының 27.05.2008ж. №4-6/23-30 бұйрығына сәйкес жүргізілді, 27.05.2008ж. №0346203 В сериялы мемлекеттік тіркеу туралы № 75-1930-30-У-е мемлекеттік тіркеу туралы куәлік берілді.

Қарағанды облысының білім басқармасы «Қазақмыс» корпорациясының Технологиялық колледжі” жеке мекемесіне білім беру қызметіне

АБ № 0039642 сериялы мемлекеттік білім беру лицензиясын берді.

 

«Қазақмыс» корпорациясының Технологиялық колледжі» ЖММ:

Ғимараттардың жалпы ауданы – 5868,7 м2, пайдалысы – 4404 м2.

Кабинеттер мен зертханалар төрт оқу ғимаратында орналасқан.

Жобалық қуаты – 660 орын. 20 орындық жатақхана (оқу корпусының ғимаратында орналасқан) колледждің негізгі ғимараты 3 ғимараттан тұрады: (23 оқу кабинеті, 1 оқу шеберханасы, 11 зертхана, 2 компьютерлік кабинет, тиеу – жеткізу машиналарының виртуалды тренажерлер кабинеті, спорт залы, футбол алаңы, 80 орындық акт залы, конференц-залы, медициналық бекет, 100 орындық асхана.

Menu