[:ru]

«Кеше – студент, бүгін – маман» атты кәсіби кездесу

2026 жылдың 12 маусымында Қазақмыс корпорациясының Технологиялық колледжінде «Кеше – студент, бүгін – маман» атты тағылымды кездесу өтті. Іс-шара «Маркшейдерлік іс» мамандығы бойынша студенттердің кәсіби қызығушылығын арттыруға және білім мен өндіріс арасындағы байланысты нығайтуға арналды. Кездесуге колледжіміздің «Маркшейдерлік іс» мамандығы бойынша IV курс студенттері, арнайы пән оқытушылары мен ұстаздары, сондай-ақ осы білім ордасын тәмамдап, бүгінде Қазақмыс кәсіпорындарында телім маркшейдері болып еңбек етіп жүрген жас маман түлектер қатысты. Кеше ғана студент болған түлектердің бүгін өндірісте табысты еңбек етіп жүргені болашақ мамандар үшін жарқын үлгі болды. Іс-шараның құрметті қонақтары – «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС Маркшейдерлік жұмыстар департаментінің бас маркшейдері Баймагамбетова Лаззат Денбергеновна, сондай-ақ Шығыс Жезқазған, Оңтүстік Жезқазған, Батыс, «Жыланды» кеніштері мен «Jezqazgan Tau-Ken Ondirisi» өндірістік кешенінің бас маркшейдерлері студенттермен кездесіп, өздерінің еңбек жолы, кәсіби тәжірибесі және маркшейдер мамандығының өндірістегі маңызды орны туралы әсерлі әңгімелерін бөлісті. Ашық сұхбат барысында студенттер мен оқытушылар қонақтарға сұрақтарын қойып, өндірістегі нақты тәжірибелер мен кәсіби даму жолдары жөнінде пайдалы ақпарат алды. Кездесу білім мен тәжірибенің, ұстаз бен шәкірттің, түлек пен студенттің арасындағы сабақтастықтың жарқын көрінісіне айналды. Іс-шара соңында колледж директоры Жадкеева Адема Жалғаспаевна кездесуге арнайы қатысып, жастарға кәсіби бағдар беріп, өз тәжірибелерімен бөліскен құрметті бас маркшейдерлерге колледж ұжымы атынан алғыс хаттар табыстады. Сонымен қатар, арнайы пән оқытушылар мен IV курс студенттері түлектерге ізгі тілектерін білдіріп, естелік сыйлықтарын ұсынды.
Бұл кездесу «Маркшейдерлік іс» мамандығының беделін арттырып, болашақ мамандарға үлкен мотивация сыйлаған, тәжірибе мен білім тоғысқан ерекше шара болды. Кеше – студент, бүгін – маман. Ал бүгінгі студент – ертеңгі білікті маркшейдер!
#Қазақмыс #ТехнологиялықКолледж #МаркшейдерлікІс #КешеСтудентБүгінМаман #БасМаркшейдер#ҚазақмысТүлектері #ТелімМаркшейдері #ҰстазБенШәкірт #КәсіптікБілім #БолашақМаман #Jezqazgan #СтудентӨмірі@anaizabekova

[:kz] [:en] [:]
Menu