2026 жылғы 21 қазанда Ұлытау облысы әдістемелік орталығының жұмыс жоспарына сәйкес «Қазақмыс» корпорациясының технологиялық колледжінде техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының педагогтері арасында «Үздік сабақ жоспары» облыстық байқауы өтті.
Байқаудың мақсаты: педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыру, сабақ жоспарлаудағы озық педагогикалық тәжірибелерді анықтау және тарату, оқытушылардың шығармашылық ізденісін қолдау, білім беру үдерісінде инновациялық әдіс-тәсілдерді тиімді қолдануға ынталандыру.
Байқау қорытындысы бойынша:
І орын:
• А. Медеубаева – Жезқазған қаласының облыстық жоғары медициналық колледжі.
ІІ орын:
• А. Уатаева – Жезқазған индустриалдық-гуманитарлық колледжі;
• А. Камзиева – «Қазақмыс» корпорациясының технологиялық колледжі.
ІІІ орын:
• С. Оразбекова – Жезқазған Бизнес және көлік колледжі;
• Ж. Аманбаева – Ғалым Жарылғапов атындағы Аграрлық колледжі.
Байқауға қатысқан барлық педагогтер ұйымдастыру алқасының Алғыс хаттарымен марапатталды.
Озық тәжірибе – сапалы білімнің негізі, ал шығармашылық ізденіс – кәсіби дамудың кепілі!
