Терроризм актісі және өрт кезінде қауіп туындаған жағдайда білім беру ұйымдарының қызметкерлері мен педагогтерінің іс-қимыл алгоритмі
29.11.2021 ж колледждің қызметкерлері және инженерлік-педагогикалық құрамымен акт залында “Терроризм актісі және өрт кезінде қауіп туындаған жағдайда білім беру ұйымдарының қызметкерлері мен педагогтерінің іс-қимыл алгоритмі” тақырыбында кеңес өткізілді.
Кеңес барысында колледждің қызметкерлері мен инженерлік-педагогикалық құрамы күдікті заттар (жарылғыш құрылғылар) табылған кезде; телефон арқылы немесе жазбаша түрде қауіп түскен жағдайда; қарулы шабуыл кезінде білім беру ұйымдарының қызметкерлеріне, педагогтеріне, білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне террористік акт жасау және кепілге алу (басып алуға әрекет жасау) кезіндегі іс-қимыл алгоритмімен таныстырылды. Сонымен қатар, кеңес соңында қызметкерлерге және ИПҚ терроризм актісі қатері туындаған және өрт болған кездегі іс-қимыл алгоритмі бойынша ақпараттық бюллетеньдер таратылды.