[:ru]

«Junior Skills – 2025»

15.05.2025 жылы «Қазақмыс» корпорациясының “Технологиялық колледжі” ЖММ «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында колледж директоры Е.В. Букашкина, ОІЖ орынбасары А.Ж. Жадкеева, ҒӘЖ және ҚО жөніндегі орынбасары П.Қ. Есмағанбетова басшылығымен «Слесарлық іс» мамандығы бойынша оқушылары мен студенттері арасында «Junior Skills» Kazakhmys 2025 «Үздік слесарь» кәсіби шеберлік байқауы өткізілді.
Аталған байқауға келесі колледждер мен мектептердің студенттері қатысты:
“Kazakhmys” корпорациясы “Технологиялық колледжі” ЖММ – Сәкен Әділет Қайсарұлы,
Сәтбаев индустриалдық колледжі – Ауэзхан Айбек Нұржанұлы,
“Әлкей Марғұлан” атындағы ЖББМ – Жайлаубек Сұлтан Ерболатұлы,
Тау-кен металлургия колледжі – Жақып Батырлан.

Байқау нәтижесі бойынша:
Гран-при – Сәкен Әділет Қайсарұлы,
І орын – Ауэзхан Айбек Нұржанұлы,
ІІ орын – Жайлаубек Сұлтан Ерболатұлы,
ІІІ орын – Жақып Батырлан.

«Слесарлық іс» мамандығы бойынша «Junior Skills – 2025» байқауын өткізудің мақсаты – мектеп оқушылары арасында ерте кәсіби бағдар беру, қолмен және механикалық металл өңдеу саласындағы практикалық дағдыларды дамыту, инженерлік-техникалық мамандықтарға деген тұрақты қызығушылықты қалыптастыру, жұмысшы мамандықтардың беделін арттыру, сондай-ақ дарынды білім алушыларды анықтау және қолдау.
Сайысқа қатысу:
•⁠ ⁠мектеп оқушылар мен студенттердің еңбек дағдылары мен кәсіби құзыреттіліктерін қалыптастыруға;
•⁠ ⁠техникалық ойлау, дәлдік, ұқыптылық және еңбек мәдениетін дамытуға;
•⁠ ⁠жауапкершілік, тәртіптілік және жеке жұмыс істей білу қабілетін тәрбиелеуге;
•⁠ ⁠экономиканың нақты секторында сұранысқа ие және маңызды болып табылатын слесарь мамандығын танымал ету;
– оқушылар мен студенттерді WorldSkills стандарттары бойынша жоғары деңгейдегі чемпионаттарға дайындауға ықпал етеді.

Қазылар алқасының сарапшылар құрамы:
Төлен Руслан Қайратұлы – Ұлытау облысы білім басқармасының «Ұлытау дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау жөніндегі орталығы» КММ директоры;
Тұрсынова Жаухар Саматқызы – Ұлытау облысының “Атамекен” КП адами капиталды дамыту сарапшысы;
Жанат Арман Жанатұлы – “Kazakhmys Maintenance Services” ЖШС оқу пунктінің оқытушысы;
Наженов Ғалымжан Алтынханович – Батыс кенішінің учаскеске бастығының орынбасары
Маматаев Дамир Нұржанович – Оңтүстік шахтасының бас инженері;
Юн Владислав Владимирович – Оңтүстік шахтасының бас электромеханигі.
Облыстық іс-шараны ұйымдастыруға жауаптылар: оқу ісі жөніндегі орынбасары А.Ж. Жадкеева, өндірістік тәжірибе меңгерушісі С.Қ. Бақтияр, слесарлық шеберханалардың меңгерушісі К.Г. Кузьмина, колледж әдіскері И.К.Муратова.

[:kz] [:en] [:]
Menu