13 мамыр мен 19 мамыр аралығында өткен «WorldSkills Ulytau – 2025» өңірлік чемпионатында Электрмонтаж құзыреттілігі бойынша байқауға қатысып II орынға ие болған ГМ-31 тобы білім алушысы Алтынбай Исмаил Жанболатұлын және сарапшысы Трубников Григорий Николаевичты жеңістерімен құттықтаймыз!
Бұл жетістік — сіздердің кәсіби шеберліктеріңіз бен қажырлы еңбектеріңіз нәтижесінің айқын көрінісі. Байқауда көрсеткен жоғары деңгейіңіз тек өзіңіздің емес, оқу ордасының да абыройын асқақтатты. Сіздердің табандылықтарыңыз бен еңбекқорлықтарыңыз жаңа жетістіктерге жету үшін үлкен мотивация болып табылады.
Алдағы уақытта да осы кәсіби жолда табыстар мен жаңа жетістіктерге жетуіңізге тілектеспіз. Сіздерге шығармашылық табыс, күш-жігер және жаңа биіктерді бағындыруда сәттілік тілейміз!
