[:ru]

«Қаныш. Қазына.»

14.04.2026 ж. Қарсақпай агротехникалық колледжінің базасында облыстық деңгейдегі білім алушылардың басын қосқан «Қаныш. Қазына.» атты ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.
Ұлы ғалым, академик Қаныш Сәтбаевтың ізі қалған қасиетті Қарсақпай жерінде өткен бұл жиын жас зерттеушілер үшін үлкен мүмкіндіктер алаңына айналды.
Аталған конференцияға «Қазақмыс» корпорациясының технологиялық колледжі» ЖММ білім алушылары:
Г-11 тобы — Қаражанов Арнат,
АУП-11 тобы — Балтабаев Алиби,
МК-11 тобы — Абзал Жанель Нұрболатқызы
қатысып, мадақтамаларға ие болды.
Жетекшілері: Мадина Ермуханова, Аружан Бақтиярқызы.
Конференция барысында студенттер Қаныш Сәтбаевтың ғылыми мұрасы мен өңір тарихына қатысты тың жобаларын қорғап, өндіріс пен ауыл шаруашылығын ұштастырудың заманауи бағыттарын талқылады.

[:kz] [:en] [:]
Menu