18.03.2025 ж. «Заң мен тәртіп» қағидаттарын түсіндіру мақсатында «Қазақмыс» корпорациясының Технологиялық колледжі» ЖММ студенттеріне Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ұлытау облысы бойынша департаменті Превенция басқамасының басшысы Абишев Қуанышбек Қайырбекұлы және Сәтбаев қалалық мәслихатының депутаты Сейтпеков Дәулет Муратбекұлы ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
2025 жылдың 9 сәуірінде ЧУ «Казахмыс корпорациясының Технологиялық колледжінде» студенттер мен Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігінің Ұлытау облысы бойынша Экономикалық тергеулер департаментінің өкілдері арасында кездесу өтті. Кездесу барысында қаржылық қауіпсіздік негіздері талқыланды, атап айтқанда, дроптар, алаяқтық схемалар және оларға қатысқаны үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жазалар. Қатысушылардың жалпы саны 99 студентті құрады.