30.05.2026 жылы «Қазақмыс» корпорациясы Технологиялық колледжінде «Kazakhmys из первых уст» атты подкаст өтті. Іс-шараның мақсаты – колледж түлектері мен студенттері арасында ашық диалог алаңын құру, жұмысшы және инженерлік мамандықтардың беделін арттыру, кәсіби бағдар беру және жастардың мамандыққа деген қызығушылығын күшейту болды.
Подкастқа колледж түлектері мен өндіріс мамандары қатысты: Досанғали Ж. (№9 жол өндірушілер телімінің шебері, «Западный» руднигі), Талыпов А. (ВЖР «Анненская» шахтасы, №84 учаске, тау-кен шебері), Жарылқасын Э. (ГПИ тау-кен бөлімінің жетекші инженер-жобалаушысы), Нұғұмат Е. (бас корпус, слесарь-жөндеуші), сондай-ақ колледждің түлектері мен студенттері қатысты.
Іс-шара барысында қатысушылар өздерінің еңбек жолы, өндірістегі тәжірибесі және кәсіби дамуы туралы ой бөлісіп, студенттердің сұрақтарына жан-жақты жауап берді. Подкаст нәтижесінде студенттердің мамандыққа деген қызығушылығы артып, колледж мен түлектер арасындағы өзара байланыс нығая түсті.


