14.03.2025 ж. азаматтық қорғаныс күніне арналған іс-шаралар және Қазақстан Республикасы Президентінің халықтың сейсмикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмасы аясында «Қазақмыс» корпорациясының Технологиялық колледжінде колледж қызметкерлерімен және студенттерімен сейсмикалық оқыту өткізілді. Жаттығудың мақсаты – төтенше жағдайларда дағдыларды жетілдіру. Эвакуация мәселелері бойынша қызметкерлер мен студенттердің іс-әрекеттері дұрыс және уақытылы болды. Студенттер мен қызметкерлерді қамту 428 адамды құрады

Menu