Ағымдағы жылдың 27–28 сәуірінде «Қазақмыс» корпорациясының технологиялық колледжінің ғимаратында Қазақмыс Корпорациясының қызметкерлері мен технологиялық колледж студенттері арасында MINING SKILLS-2026 кәсіби шеберлік байқауы өтті. Байқау Қазақмыс Корпорациясы мен технологиялық колледждің бірлескен жоспары аясында жоғары деңгейде ұйымдастырылды.
Басты мақсат – колледж студенттері мен Қазақмыс Корпорациясының мамандары арасында тәжірибе алмасуды қамтамасыз ету, білім алушылардың құзыреттіліктерін арттыру, бәсекеге қабілетті мамандар даярлау және олардың инновациялық біліктіліктерін дамыту. MINING SKILLS-2026 кәсіби өсу, тәжірибе алмасу және болашақ кадрларды қалыптастыруға толыққанды алаң болды.
Сонымен қатар, бұл конкурс оқу орны мен Қазақмыс Корпорациясы кәсіпорындарының арасындағы байланысты нығайтып, мамандықтың беделін білім алушылар арасында арттыруға өз үлесін қосты.
Байқау жеңімпаздары медаль және дипломдармен марапатталды:
«Инженерлік графика» құзыреттілігі бойынша
І орын – Тілеубек Бекасыл
ІІ орын – Фишер Никита
ІІІ орын – Есет Ақжан Ерланұлы
«Маркшейдерлік іс» құзыреттілігі бойынша
І орын – Петрик Венера
ІІ орын – Исабек Диас Садибекұлы
ІІІ орын – Кенже Арайлым
«Геологиялық түсірілім жұмыстары» құзыреттілігі бойынша
І орын – Макарова Арина
ІІ орын – Садыбек Лаура
ІІІ орын – Шахабаев Бекзат
«Мехатроника» құзыреттілігі бойынша
І орын – Керимов Рамин
ІІ орын – Серебряков Алексей
ІІІ орын – Лугуманов Даниль


