5.05.2026 жылы «Мамандықтар әлемін ашамыз» атты республикалық студенттер форумында «Қазақмыс» корпорациясының технологиялық колледжінің «Тектоники» командасы 5 команданың ішінен озып шығып, І орын иеленді.
Форум студенттердің кәсіби дағдыларын дамытуға, шығармашылық және инновациялық ойлау қабілеттерін арттыруға бағытталды. Командалар өз мамандықтары бойынша кәсіби шеберліктерін жоғары деңгейде көрсетті.
Нәтижесінде үздік көрсеткішке «Тектоники» командасы қол жеткізді. Бұл жетістік студенттердің бірлескен еңбегі мен жетекшілердің сапалы дайындығының нәтижесі болды.

