[:ru]

WorldSkills Ulytau – 2026

2026 жылғы 12 мамырда өткен «WorldSkills Ulytau – 2026» облыстық чемпионатында қатысушылар арасында жоғары деңгейдегі тартысты бәсеке өтіп, құзыреттіліктер бойынша үздіктер анықталып, марапатталды.

«WorldSkills Ulytau – 2026» чемпионатының жабылу салтанатын “Қазақмыс” корпорациясының технологиялық колледжі жоғары деңгейде ұйымдастырды. Чемпионат алаңында өз білімдері мен кәсіби шеберліктерін үздік деңгейде дәлелдеп, жеңімпаз атанған студенттер:

• “Қазақмыс” корпорациясының технологиялық колледжі” ЖММ студенті Бексұлтан Нұрболсын «Инженерлік графика CAD» құзыреттілігі бойынша І дәрежелі дипломмен марапатталды.
Сарапшы-компатриот: Жанболатова А.М.

• “Қазақмыс” корпорациясының технологиялық колледжі” ЖММ студенті Мухамеджанов Кирилл «Электромонтаж» құзыреттілігі бойынша І дәрежелі дипломмен марапатталды.
Сарапшы-компатриот: Трубников Г.Н.

Жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз!
Алдағы уақытта да биік белестерді бағындырып, кәсіби шеберліктеріңізді шыңдай берулеріңізге тілектеспіз!

[:kz] [:en] [:]
Menu