[:ru]

«MinGeoMod–2026»

2026 жылғы 28–29 қыркүйек күндері Ташкент қаласында тау-кен геологиясы саласындағы модельдеу бойынша «MinGeoMod–2026» (Micromine GGIS) халықаралық олимпиадасы өтті.
Халықаралық білім додасына Қазақстан, Өзбекстан және Тәжікстан елдерінің дарынды студенттері мен болашақ геология мамандары қатысты. Олимпиадада барлығы 11 команда өзара бақ сынасты.
Олимпиаданың салтанатты ашылу рәсімін Micromine (Австралия) компаниясы өкілдігінің басшысы Умед Мансуров ашты.
Олимпиаданың негізгі мақсаттары:

  • Micromine бағдарламалық жасақтамасын пайдалана отырып, кен орындарын үш өлшемді модельдеу саласында кәсіби құзыреттіліктерді қалыптастыру;
  • «Геология» бағыты бойынша білім алып жүрген дарынды студенттерді анықтау;
    Халықаралық додада «Қазақмыс корпорациясының Технологиялық колледжі» ЖММ намысын Г-41 тобының студенттері Жылқайдарова Айханым мен Нұрбекова Айжан лайықты қорғады.

Олимпиада қорытындысы бойынша біздің студенттеріміз 11 команданың арасынан 5-орынға ие болды!

#MinGeoMod2026 #Micromine #Қазақмыс #ТехнологиялықКолледж #Геология #ХалықаралықОлимпиада #Ташкент #Қазақстан #Студенттер #КәсібиШеберлік #ТауКенГеологиясы #ЦифрлықГеология

[:kz] [:en] [:]
Menu