2025 жылғы 26 ақпанда Ұлытау облысы, Жезқазған қаласында «Жұмысшы мамандықтар паркі» фестивалінің салтанатты ашылуы өтті. Іс-шара «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында ұйымдастырылып, оған облыс әкімі, қала әкімшілігінің өкілдері, облыстық және қалалық мәслихат депутаттары, сондай-ақ ірі өнеркәсіптік кәсіпорындардың, білім беру мекемелерінің өкілдері мен кәсіби біліктіліктерін дамытуды мақсат еткен студенттер қатысты.
«Қазақмыс» корпорациясының Технологиялық колледжі, «Кеншілер» көшесінде орналасқан, фестиваль аясында келесі мамандықтар бойынша даярлық бағыттарын таныстырды: маркшейдерлік жұмыстардағы тау-кен жұмысшысы, жер асты тау-кен жұмысшысы, геологиялық жұмыстардағы жұмысшысы.
Колледж директоры Букашкина Елена Викторовна іс-шара қонақтарына негізгі әлеуметтік серіктестерді таныстырды. Олардың қатарында:
- «Kazakhmys Maintenance Services» ЖШС (Казахмыс Мэйнтенанс Сервисиз) – Жанат Арман Жанатұлы
- «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС К.И. Сәтбаев атындағы «Жезқазғантүстімет» тау-кен байыту кешені – Искаков Ербол Еркенұлы
- «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС К.И. Сәтбаев атындағы «Жезқазғантүстімет» тау-кен байыту кешені, Оңтүстік Жезқазған руднигі №65 шахтасы – Алпысбаев Казбек Жұмабекұлы
2025 жылғы 18 сәуірде сағат 15:00-де “Қазақстан “корпорациясының Технологиялық колледжі” ЖМ арнайы пәндер оқытушылары Г.К. Дюсембаева мен З. Ш. Аймышева “Қазақстан Республикасында үздіксіз және сапалы электрмен жабдықтауды қамтамасыз ету: жай-күйі, проблемалары, шешу жолдары”тақырыбында студенттік ғылыми-теориялық конференция өткізді. Іс-шара жұмысшы мамандықтар жылын ілгерілету жоспары аясында өтті. Конференцияның мақсаты-оқушылардың аналитикалық ойлауын дамыту, олардың зерттеу белсенділігін ынталандыру және электр энергетикасының тұрақты дамуына кәсіби қызығушылықты қалыптастыру. Оқушылар еліміздің энергетика саласындағы өзекті мәселелерді өз бетінше зерттеу және талдау нәтижелеріне негізделген баяндамалар ұсынды.
Сөз директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Г. А. Кәкімжановаға берілді, ол колледж студенттеріне дайындалған баяндамасы үшін алғыс айтып, оларға грамоталар табыс етті.
2025 жылғы 03 сәуірде «Қазақмыс» корпорациясы Технологиялық колледжінде Жұмысшы мамандықтар жылы жоспарын жүзеге асыру аясында Кадрларды даярлау және қайта даярлау орталығының оқытушысы Рашид Ж.Б. «Қауіпсіздік техникасы тренингі: теориядан әрекетке» тақырыбында “Маркшейдерлік іс” мамандығының білім алушыларына арналған тренинг өткізді. Тренингтің мақсаты – өндірістік алаңдардағы еңбек қызметі барысында жұмысшылардың қауіпсіздігін, өмірі мен денсаулығын қорғауды қамтамасыз ету.
09.04.25 ж. күні «Казақмыс» корпорациясының Технологиялық колледжінде «Жұмысшы мамандығы жылы» аясында колледж кітапханашысы Елемесова К.А. ГМ-11 тобының білім алушыларымен «Қаныш Сәтпаев – ғылыми мұра қалдырған ұлы тұлға» атты кітаптық патруль өткізді. Іс-шараның мақсаты — Қазақстанның көрнекті ғалымы, академик Қаныш Имантайұлы Сәтпаевтың өмірі мен ғылыми мұрасын тереңірек зерттеу, алынған ақпараттармен бөлісу және бірлескен талқылау барысында пікір алмасу.
Іс-шара білім алушылардың танымдық белсенділігін, зерттеу дағдыларын дамытуға, сондай-ақ ұлттық тұлғалардың ғылым мен Қазақстанның дамуына қосқан үлесіне құрмет көрсетуге бағытталған. Іс-шара барысында білім алушылар Қаныш Сәтпаевтың өмірі мен оның Қазақстан ғылымының дамуына қосқан үлесін зерттеуге белсенді қатысып, үлкен қызығушылық танытты.
04.04.25 «Қазахмыс» корпорациясы Технологиялық колледжі» ЖММ «Жұмысшы мамандығы жылын» жүзеге асыру аясында, арнайы пәндер мұғалімі Кенжеғұл А.А. 2 курс студенттері Г-21 тобымен геологтар күніне арналған «Жасырын байлықтарды іздеуде» квест форматында іс-шара өткізді.
Іс-шараның мақсаты: оқушылардың геологияға деген қызығушылығын арттыру, геолог мамандығын насихаттау, сонымен қатар шығармашылық қабілеттерін дамыту және қатысушылардың ой-өрісін кеңейту.
Сайыс қорытындысы бойынша жеңімпаз команда: Аметист – 1 орын, Флюорит – 2 орын, Халькопирит – 3 орын.
Жұмысшы мамандықтар жылы аясында 28.03.2025 ж Қазақмыс корпорациясының Технологиялық колледжінің Маркшейдер ісі мамандығы бойынша 3 курс студенті Софина Нәсіпкүл арнайы пәндер оқытушысы Сагимбекова Гульнара Рахатовнаның жетекшілігімен Шығыс кенішінің 57 шахтасындағы учаскелік маркшейдерінен сұхбат алды. Учаскелік маркшейдер колледж түлегі Оразбекова Аянат иновациялық құралдар мен қолданбалы бағдарламалар өз мамандығының артықшылығының бірі болып табылатынын айтты. Сұхбат барысында, колледж студенттері теориядан алған білімдерін тәжірибеде ұштастыра білетінін, емін-еркін заманауи электрондық құрылғыларды қолданатынын айта өтті.
Жұмысшы мамандықтар жылы аясында колледжде еңбек әулеттеріне арналған көрме өтті. Колледж студенттері өз өмірін «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС кәсіпорындарында еңбек етуге арнаған отбасылардың тарихымен танысып, әулет өкілдерінің өндірісті дамытуға қосқан үлесі мен кәсіби сабақтастық дәстүрлерінің сақталуы туралы мағлұмат алды.
2025 жылдың 10 сәуірінде “Қазақмыс” корпорациясының Технологиялық колледжінде, директор Букашкина Е.В. басшылығымен, Жұмысшы мамандықтар жылы аясында Әлкей Марғұлан атындағы №15 мектептің 9-сынып оқушыларына арналған экскурсия ұйымдастырылды. Экскурсия барысында оқушылар “Қазақмыс” корпорациясының құрылымдық бөлімшелері – Сәтбаев байыту фабрикасы, Геологиялық басқарма, Анненск кенішіне және бұрғылау мұнарасына барып қайтты.
Іс-шараның мақсаты – оқушыларды нақты өндірістік процестермен таныстыру арқылы кәсіби бағдар беру, өнеркәсіп саласына деген қызығушылықтарын ояту және болашақ мамандық таңдауға ықпал ету. Геологиялық басқарманың жетекші мамандары Орлова В.Н., Ганович А.А. және Никишин С.А. Толмачёв А.Е. жетекшілігімен геология саласындағы технологиялық процестер туралы маңызды және танымдық ақпараттармен таныстырды.
Облыстық деңгейдегі іс-шараны ұйымдастыруға жауаптылар: оқу ісі жөніндегі директордың міндетін атқарушы Үсенова А.Ж. және тәжірибе меңгерушісінің міндетін атқарушы Кузьмина К.Г.