2025 жылдың 9 сәуірінде ЧУ «Казахмыс корпорациясының Технологиялық колледжінде» студенттер мен Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігінің Ұлытау облысы бойынша Экономикалық тергеулер департаментінің өкілдері арасында кездесу өтті. Кездесу барысында қаржылық қауіпсіздік негіздері талқыланды, атап айтқанда, дроптар, алаяқтық схемалар және оларға қатысқаны үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жазалар. Қатысушылардың жалпы саны 99 студентті құрады.
«ҚАЗАҚМЫС» КОРПОРАЦИЯСЫ» ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» ЖММ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚПЕН КҮРЕС КҮНІНЕ АРНАЛҒАН “АДАЛДЫҚҚА ҰМТЫЛУ“ҚАЛАЛЫҚ БАЙҚАУЫ
2022 жылғы 07 Желтоқсанда “Қазақмыс “Корпорациясының Технологиялық колледжі” ЖММ- де Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне арналған “Адалдыққа ұмтылу” қалалық байқауы өтті.
Байқаудың негізгі мақсаты-оқушылардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымы мен құқықтық сауаттылығын қалыптастыру, қазіргі қоғамның мәселелеріне қызығушылық, белсенді азаматтық ұстанымның қалыптасуы болды.
Қаламыздың колледждерінің студенттері атап айтқанда:”Қазақмыс “Корпорациясының Технологиялық колледжі” ЖММ, “Денсаулық” колледжі ЖММ және Сәтбаев индустриалды колледжі КММ сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған флешмобты көрсете отырып, креативті форматта өнер көрсетті. Сайыста қатысушылар би билеп , ән орындап, қазақтың халық музыкалық аспабы-домбырада ойнап сыбайлас жемқорлыққа деген теріс ниеттерін білдірді.
Шақырылған қонақтардың қатарында Сәтбаев қаласының әкімдігінің өкілдері, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ұлытау облысы бойынша департаментінен, Қоғамдық кеңес, Сәтбаев қалалық мәслихаты және бұқаралық қалалық ақпараттық-түсіндіру тобының лекторы болды:
- Мәдиева Марал Сағынайқызы – «Қоғамдық кеңес» төрағасы, Мемлекеттік қызмет ардагері, қалалық ақпараттық түсіндіру тобының лекторы
- Қонысбай Нұрлат Аманбайұлы – Сәтбаев қаласының ішкі саясат бөлімінің сектор меңгерушісі
- Дүйсенбина Ботакоз Аманжоловна – ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ұлытау облысы бойынша департаменті кадр жұмысын ұйымдастыру тобының аса маңызды істер жөніндегі офицері.
- Мухамбетгалиева Шолпан Сафарбековна – Сәтбаев қалалық мәслихатының депутаты, қалалық ақпараттық түсіндіру тобының лекторы.
- Сейтпеков Дәулет Муратбекұлы – “AQSHAM” телеарнасының коммерциялық директоры, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қалалық ақпараттық-түсіндіру тобының лекторы.
Іс-шараның қорытындысы бойынша шақырылған өкілдер арасынан құзыретті қазылар алқасы жеңімпаздарды анықтады:
I орын – “Қазақмыс” корпорациясының Технологиялық колледжі”ЖММ;
I орын – КММ Сәтбаев индустриалды колледжі.
Жеңімпаздар мен қатысушыларға алғыс хаттармен мен сыйлықтар табысталды.
