10.06.2026 жылы «Қазақмыс» корпорациясы Технологиялық колледжі» ЖММ ұйымдастыруымен «Электр жабдықтарына сервистік қызмет көрсету жөніндегі Энергетика басқармасы» алаңында «Jas Skills-2026» кәсіби шеберлік байқауы өтті. Бұл байқауға өндіріс мамандары мен колледж студенттері қатысып, кәсіби білім мен практикалық дағдыларын көрсетуге мүмкіндік алды.
Байқау екі этаптан: теориялық тест және «Электроқозғалтқышын нөлден құрастыру» тұрды.
Бұл байқау білім алушылар мен өндіріс мамандары арасында тәжірибе алмасуға өте үлкен мүмкіндік тудырды.
Байқау жеңімпаздары:
1 орын – «Қазақмыс Мэйнтаненс Сервисиз» командасы: Демченко Дмитрий Сергеевич , Абилов Диар Серикбайулы
2 орын – «Қазақмыс» корпорациясыныңТехнологиялық колледжі» командасы: Мухамеджанов Кирилл Олегович, Цыганюк Артем Русланович
3 орын – «Электр жабдықтарына сервистік қызмет көрсету жөніндегі Энергетика басқармасы» командасы: Мырзалі Марлен Марат Жанұлы, Гутяр Эдуард Владимирович
Жеңімпаздарды «Қазақмыс» корпорациясыныңТехнологиялық колледжінің оқу ісі жөніндегі орынбасары Бегайдарова Г.С. марапаттады.

