Білім беру жүйесі мамандардан кәсіби икемділік пен ұтқырлықты, сан қырлы шығармашылық қызмет пен өзін-өзі басқару, өзін-өзі ұйымдастыру жағдайындағы біліктілікті қажет етеді. Өйткені қазіргі жас буын – еліміздің келер күнгі келбеті. Ашық сабақтар өткізу тәжірибесі білім беруде кеңінен қолданылады. Жаңашыл оқытушы үшін сабақты ұйымдастырудың осындай әдістемелік формасы өзінің шеберлігі мен шығармашылық ізденістерін көрсету құралы ретінде қызмет етеді. Ашық сабақтар педагогикалық тәжірибе алмасуға және жас ұрпаққа білім мен тәрбие беру саласындағы жаңалықтарды насихаттауға ықпал етеді.
2022-2023 оқу жылының 05.04-18.04. аралығында «Қазіргі педагогикалық технологиялар-тәрбие процесінің тиімділігі негізі ретінде» тақырыбындағы ашық сабақтар және шеберлік сыныбы онкүндігі өткізілді. Іс-шара әдістемелік кабинеттің қадағалауымен жүргізілді.Жыл басында арнайы жоспар құрылып, сол бойынша іске асырылды.
Ашық сабақ өткізу мақсаты: білім алушылардың ой–өрістерін, есте сақтау қабілеттерін, әдеби тіл байлығын, көркем сөз шеберлігін дамыту, рухани танымдарын кеңейту, мамандыққа қызығушылықтарын арттыру,алған білімдерін жан-жақты дамытып,оларды қолдана білуге машықтандыра отырып,ізденушілік, ұжыммен жұмыс жасау,танымдық және еске сақтау қабілеттіліктерін дамыту.Оқу ақпарттарымен құралдарын оқып үйренуге жетілдіру.Білім алушыларды өз бетінше әрекет етуге машақтандыру болды.
Ашық сабақ өткізу барысында оқытушылар ақпараттық жаңа технологияларды пайдаланып,таратпа материалдарымен,әр түрлі әдіс-тәсілдерді қолданып шеберліктерін көрсете білді.Сонымен қатар сабақ барысында әр түрлі қызықты ойындар ойнатылып,тапсырмалар да орындатылды.Барлық оқытушылар мен білім алушылар белсене қатысып білімдерін көрсете білді.
Әдіскер: Муратова И.К.