2026 жылғы 22 мамырда Технологический колледж корпорации «Казахмыс» базасында алғашқы студенттік комикс-журнал — «Kazakhmys Comics» журналының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Іс-шара Б. Булкышева атындағы орталық кітапхана ғимаратында ұйымдастырылды.
Жобаның ұйымдастырушысы әрі журнал авторы — Аяшова Айзада Мақсұтқызы. Жоба студенттердің шығармашылық әлеуетін дамытуға, жастар бастамаларын қолдауға және заманауи медиа-мәдениетті қалыптастыруға бағытталған.
«Kazakhmys Comics» журналы студенттердің жетістіктерін, колледж өмірін және шығармашылық жұмыстарын комикс форматында насихаттайды. Сонымен қатар жоба студенттердің сценарий жазу, графикалық дизайн, цифрлық медиа және креативті ойлау дағдыларын дамытуға мүмкіндік береді.


