2026 жылғы 10 маусымда «Қазақмыс» корпорациясы Технологиялық колледжінде «Jas Skills – 2026» кәсіби шеберлік байқауы аясында «Үздік электрслесарь – 2026» сайысы өтті. Байқаудың мақсаты – студенттердің кәсіби даярлық деңгейін арттыру, практикалық дағдыларын дамыту және қауіпсіз еңбек мәдениетін қалыптастыру.
Байқау қорытындысы бойынша І орынды Дмитрий Демченко мен Диар Әбілов, ІІ орынды Кирилл Мұхамеджанов пен Артём Цыганюк, ІІІ орынды Марлен Мырзәлі мен Эдуард Гутяр иеленді. Жеңімпаздар өздерінің кәсіби шеберліктері мен теориялық білімдерін жоғары деңгейде көрсетті.


